Жарнама
Саясат

Депутат қоғамдық қабылдау өткізді

«AMANAT SERVICE» қызмет көрсету орталығында облыстық мәслихаттың депутаты Саламат Идрисов  қоғамдық қабылдау өткізіп, өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Индер ауданы, Бөдене ауылының тұрғыны зейнеткер Мира Камиева Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде ағылшын тілі  мамандығында ақылы негізде білім алатын  ұлы  Алмат Ғарифоллаевтың оқу ақысына жеңілдік беруді сұрады. Аталған өтініш бойынша алдағы уақытта  оқу үлгеріміне байланысты жеңілдік беру мүмкіндігін қарастыру үшін факультет деканына тапсырма берілді.

Ал нұрсаялық І топ мүгедек қыздың анасы Күлаш Нұрғалиеваның өтініші – пандус мәселесіне байланысты   қала әкімі атына депутаттық сауал жолданды.

4e5ad30a f1c9 46e0 8110 ead39e748243

 «ӨзенМұнайГаз» мекемесінің акциялары  бойынша дивиденд алу жөнінде кеңес алуға келген тұрғынға мекемеге Е-өтініш платформасы арқылы өтінішін жіберу ұсынылды.

Мектеп жасындағы балаларына оқу құралдары бойынша көмек сұраған Алтын алқа иегері Айгүл Аманғалиева мен көпбалалы ана Арайлым Изкановаға «Бірлік» БПҰ арқылы «Балаларды мектепке даярлайық» республикалық акциясы аясында оқу құралдарын алуына сертификат табысталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button