Қазақстан-Ресей шекарасындағы ахуал белгілі болды

bb2f18a980073048f2e20d24b47a60c0 1280x720 Саясат

Бүгінгі таңда Қазақстан-Ресей шекарасында Қазақстан Республикасына кіріп жатқан шетел азаматтарының саны артқан.

Орнатылған 30 автомобильдік өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеуде. Адамдар мен көлік құралдары ағынының ұлғаюына байланысты, оның төртеуінде кептеліс байқалуда.

Ахуал ерекше бақылауда. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығы хабарлады.

Шекара қызметі мемлекеттік құзыретті органдармен бірлесіп, шекара арқылы өту орындарында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде.

Ресей шекара ведомствосымен өзара бірлескен іс-қимыл ұйымдастырылды.

ҰҚК Шекара қызметі өзінің іс-әрекетінде халықаралық шарттарды және ҚР ішкі заңнама нормаларын басшылыққа алады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз