Қазақстандықтар Ресейдің 5 қаласында дауыс бере алады

2022 05 26 crop Саясат

Қазақстан  Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдум өтетін 5 маусым күні Ресей Федерациясының аумағында сайлау учаскелері ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстанның 18-ге толған азаматтары Ресейде 5 сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Олар Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань, Омбы қалаларында орналасады. Учаскелер таңғы сағат 7-ден бастап кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Қазір Мәскеу бойынша мың адамнан астам сайлаушылар келеді деп болжап отырмыз. Алайда бұл сан өзгеруі мүмкін», дейді Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің екінші хатшысы Руслан Шаймағанбетов.

Салтанат КЕНЖЕБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз