«Еңбек» бағдарламасының мәні неде?
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының аясында Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының орындалысына айтарлықтай үлес қосуда. Бүгін аталған бөлімнің жұмыспен қамту секторының меңгерушісі Мереке Жаңбырбаевпен осы бағытта әңгімелесудің сәті түсті.
– Елбасы Жолдауларында да әрбір қазақстандықтың тұрмыстық жағдайына, демалысына, күнкөрісіне, жұмыспен қамтылуына орасан зор көңіл бөледі. Ал, әрбір жергілікті жерлердегі жұмыспен қамту бөлімдері Президент ұсынған тапсырмаларды нысанаға алып, сапалы да жедел орындауға ұмтылуда. Айталық, өткен жылы 8809 адам біздің орталыққа жүгініп, соның 9402-і (қалдықпен) жұмыспен қамтылды. Олар:
Жастар тәжірибесі – 567 адам;
Әлеуметтік жұмыс орны – 339 адам;
Қоғамдық жұмыспен – 1312 адам;
Тұрақты жұмыспен – 7184 адам;
Тұрақты жұмысқа орналасқандар үлесі – 81,6%.
− Енді «Еңбек» бағдар-ламасының үш бағытына жеке-жеке тоқталып өтсеңіз?
− І бағыт: «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша 636 адамды оқыту жоспарланған. 750 адам дәнекерлеуші, ток жөндеуші, құбыр монтаждаушы, ағаш шебері, компьютерлік сауаттылық, В, Д1 жүргізушілік санаты, тағы басқа мамандықтарға оқуға жіберілді. 750 адам оқуды аяқтап, 593-і тұрақты жұмысқа орналасты.
ІІ бағыт: «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту». Осы бағыт бойынша 35 адамға (Атырау қаласы және Құлсары қаласына) 255 900,0 мың теңге несие бөлінді. Несие алушылар мал шаруашылығы, жолаушы тасымалын ұйымдастыру, жүк тасымалын ұйымдастыру, сұлулық салонын ашу, азық-түлік дүкенін ашу, тігін цехын кеңейту, киіз үй жабдықтарын сатып алу үшін қаржы алған.
Бағдарламаның «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 135 адамды оқыту жоспарланған болатын. Бүгінгі күнге оқытуға 126 адам жіберіліп, барлығы оқуды аяқтады. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 13 адам жұмыспен қамтылды.
ІІІ бағыт: «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы». Әлеуметтік жұмыс орындарына қамту жоспары – 160 адам. Бағдарламаның ІІІ бағыты бойынша 339 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа жіберілді. Оның 252-сі тұрақты жұмысқа орналасты.
Жастар практикасы бойынша 567 жас маман тәжірибе жинақтауға жіберілді. Жалпы 248 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 244 мекемеде 1312 адам қоғамдық жұмыстармен қамтылды. Қоғамдық жұмысқа қатысқандардың 663-і тұрақты жұмысқа орналасты. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант комиссия шешімімен анықталып, үш қатысушыға қаражат толықтай аударылды.
– Мереке Дүйсенұлы, Атырау қаласында жұмыспен қамту қалай жүруде?
− Қала бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарының орындалысы 165,2 пайызды құрайды. Соның ішінде: мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасымен 239 адам, өңірлерді дамыту бағдарламасымен 161 адам, «Агробизнес» бағдарламасымен 15 адам, «Бизнестің – 2020 жол картасымен» 42 адам, «Нұрлы жер» бағдарламасымен 39 адам, өзге бағдарламамен 211 адам қамтылды.
Жазасын өтеу орындарынан босатылғандардан 42 адам жұмыспен қамту орталығына жүгініп, 31 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Оның ішінде: тұрақты жұмыс – 18 адам (квота арқылы – 8 адам), қысқа мерзімді оқыту – 10 адам, қоғамдық жұмыс – 3 адам.
Пробация есебінде тұрғандардан 107 адам жұмыспен қамту орталығына жүгініп, 79 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Сол секілді мүмкіндігі шектеулі жандардан 242 адам жұмыспен қамту орталығына жүгініп, 229 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.
Әңгімелескен: Лиза СЕЙТІМОВА.