Жарнама
Саясат

Қазақстан мен Өзбекстан: Стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңі

Шавкат Мирзиёевтің кешегі кездесудегі айтқан сөздері екіжақты байланыстардың стратегиялық маңызын айшықтайды.

Президенттің елімізге көрсеткен құрметі мен шынайы ілтипаты, сондай-ақ, қазақ-өзбек қатынастарының соңғы жылдардағы даму жолдары мен жетістіктері, екі халық арасындағы достықтың нығайып келе жатқанын нақты көрсетті. Одақтас мемлекеттер ретінде, өзара сыйластықтың арқасында көптеген мәселелер оң шешімін тауып, ауқымды уағдаластықтардың іске асуы — бұл екі елдің келешегі үшін үлкен серпін береді. Экономикалық даму мен мәдени-гуманитарлық байланыстардың алдағы уақытта да тұрақты түрде өсіп, жаңа көкжиектерге жетуіне еш күмән жоқ. Кездесу барысында қозғалған мәселелер мен талқыланған перспективалар Қазақстан мен Өзбекстанның бір-біріне деген сенімі мен ықыласының айқын көрінісі болды.

Қансұлу ӨТЕПҚАЛИЕВА,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, экономика ғылымдарының кандидаты

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button