Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

210325082443810a3767864i Жаңалықтар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Atr.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

  • 1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясы 2021 жылғы 28 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев орталығында «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» күн тәртібімен шақырылсын.
  • 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда,

2021 жылғы 20 наурыз № 175

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз