Жарнама
Саясат

Мұрағат құжаттарына қолжетімділік артады

Аtr.kz/30 мамыр, 2020 жыл. Бұл туралы «Atr.kz» тілшісіне берген сұхбатында белгілі тарихшы-ғалым, профессор Амангелді Шамғонов айтып берді.

– Президент мәлім еткендей, тарихи әділдікті қалпына келтіру және қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мақсатында арнайы мемлекеттік комиссия құрылуы көптеген қажетті құжаттарға жол ашады, — дейді ол. – Мәселен, мен Исатай батырдың атылып кеткен үш ұрпағы жайлы мәлімет іздеп әбден әуре-сарсаңға түскенім бар. Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің мұрағатына ақыры қолым жетпеді. Соған қарамастан, «Ұлы дала батыры – Тайманұлы Исатай» атты еңбегімді жазып шықтым. Осылайша, үлкен зерттеу жұмысым жинақ болып екінші мәрте баспадан жарық көрді.

Жалпы, аталған комитеттің мұрағатына Атыраудан Шахман Нағымов пен Аққали Ахмет секілді тарихшылар арнайы рұқсатпен барғанын білемін. Мұндай мүмкіндік көп тарихшыларға беріле бермейді. Сондықтан, Мемлекет басшысының бұл Үндеуі өте орынды жарияланып отыр деп санаймын. Тарихшылармен бірге, комиссия құрамына кіретін журналистер де зор құзыретке ие болады. Демек, маңызды мәліметтерге деген қолжетімділік те арта түседі деген сөз.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button