Мәдени-спорттық шаралар, жәрмеңкелер…

add3bf0b a478 47fd 9567 270f7ce8d7a9 Саясат

Бүгінгі жалпыхалықтық референдум кезінде  Жылыой ауданында бірқатар іс-шаралар легі өтуде. Өз таңдауларын жасауға учаскеге келген тұрғындар мен оларға еріп келген балалар көңіл көтеріп, сергу үшін осындай шағын алаңдар жасалған.

Дауыс беру учаскелері алдында  ұйымдастырылған  мәдени, спорттық, балаларға арналған ойын-сауық шараларының өтуіне аудандық Жастар ресурстық орталығы мен мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімдері атсалысуда.

№101, 1258 сайлау учаскелерінің алдында «Әнім саған туған жер» атты концерттік бағдарлама өтсе, нөмірі 94 сайлау учаскесінде биылғы Балалар жылына орай батут құрылды.

Ал «Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы қолөнер шеберлерінің» жәрмеңкесі мен «Тәтті тағамдар» жәрмеңкесі де қызуда.

Одан бөлек, кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі де өткізілуде.

Ш.Хамитова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз