Елдігіміз сыналған сәт

b66d2dc1 41d4 49eb 8cfd f442fd08a6af Саясат

Былтырғы Барыс жылы бейбіт түрде басталған шерудің ереуілге ұласуымен есте қалды. Елдігіміз сыналып, Тәуелсіздігімізге қауіп төнді. Әрине, мұның барлығы – пиғылы теріс топтардың арандатушылық әрекеті болғаны дәлелденді. Сол сәтте  Мемлекет басшысы шұғыл шешім қабылдамағанда, қандай жағдай боларын дәл сол күні ешкім болжай алмас еді.

Кешегі Мәжілісте ҚР Бас прокуроры Берік Асылов қаңтар оқиғасында шабуылдаушыларға оқ ату Президенттің мәлімдемесінен бұрын басталғанын еске салды.

«Бұл жағдай туралы барлық дискуссия қоғамдық пікірді әдейі басқа бағытқа бұруда. Іс жүзінде, қылмыскерлерге оқ ату үшін күштік құрылымдарға арнайы бұйрық қажет емес. Бұл туралы: құқық қорғау қызметі туралы; Ұлттық гвардия туралы; терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңдарда тікелей нормалар бар. Олар адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда шабуылды тойтару үшін атыс қаруын қолдануға мүмкіндік береді» деді Берік Асылов.

Иә, арандатушы тарап ахуалды ушықтырып, төңкерістің аз-ақ алдында қалған екенбіз. «Ақырып теңдік сұрау»  атаның жолы болса да, сабырсыздық себебі оқиғаның салдарын күрделендіріп жіберді ме деген ойдамын… Десек те, бүгінгі күні  халық үніне құлақ асатын мемлекетте өзгеріс бар, бір жылдың ішінде демократиялық қағидаттарға негізделген реформалар қолға алынып, пәрменді жүзеге асырылуда. 

Ғафур ШАПАТОВ,

Ішкі істер органдары және Ұлттық Ұлан ардагерлері қазақстандық кеңесі Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз