ЕАЭО: экономикалық мүдде ғана тоғыстырады

646ec79734a73691087690 Саясат

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен ІІ Еуразиялық экономикалық форумға қатысып, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Беларусь пен Ресейдің одақтас мемлекет болуы жөнінде және ЕАЭО-тың өзге мүшелері арасындағы қарым-қатынастың айырмашылығына назар аударды.

Президент өз сөзінде Беларусь пен Ресей одағы «екі ел – бір мемлекет» деген формулаға негізделгенін, ал ЕАЭО-тың қалған елдерінің позициясы бөлек екеніне айрықша тоқталды. Мұндай алшақтықты жою үшін осы экономикалық форумда аталған мәселені талқылау керектігін атап айтты.

Мәселен, біздің Президенттің мына сөзін өте орынды айтылды деуге болады: «Біз ескеруге тиіс концептуал шындық немесе ерекшелік бар. Бұл – Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы Ресей мен Беларусь Одағы. Яғни, әлемдік саясат тарихында бірегей құбылыс пайда болды. Саяси, заңнамалық, әскери, экономикалық, валюталық, мәдени, гуманитарлық кеңістігі бір, біртұтас одақ үкіметі мен біртұтас одақ парламенті бар «Екі ел – бір мемлекет» формуласы бойынша мемлекет құрылды. Тіпті қазір екеуінің ядролық қаруы да ортақ».

Бұдан түйетініміз мынау, ең бастысы Еуразиялық экономикалық Одақтың негізгі мақсат-міндеттерін жетік түсініп алған абзал. Бұл Одақ осы ұйымға мүше елдердің тек қана экономикалық тұрғыдағы мәселелеріне қатысты құрылды. Одаққа мүше елдердің  бір-бірінің мемлекеттегі саяси мәселелеріне араласуына, өз үстемдіктерін жүргізуіне жол жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде осы тұрғыдағы ойларын анық жеткізді деп есептейміз.   

Президент экономикалық интеграцияның жетістігі стратегиялар, келісімдер мен шешімдердің санымен емес, керісінше, жаңа өндірістер, технологиялар және жұмыс орындарымен бағаланатынын басым айтты.

Қасым-Жомарт Кемелұлының «Біз үшін ЕАЭО аясындағы интеграция, ең алдымен, экономикалық сипатқа ие. Әрине, стратегияда айтылған кез келген басқа саланың маңызы бар. Бірақ оларды экономика тұрғысынан қарастыру керек» дегені өте орынды айтылған сөз болды.

Бақтыбек ТАУБАЕВ,

Атырау облысының Құрметті азаматы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз