Өткеннен сабақ алған абзал

220110114032592e Саясат

Қаңтар оқиғасы – биліктің халықтан алшақтауы, әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілмеуі, азаматтардың саяси әлеуметтену мүмкіндігінің нәтижесі. Адамдар «шындықты» кімнен және қайдан іздеу керектігін, отбасының өмірлік қамсыздандыруының өзекті мәселелерін қалай шешу керектігін білмеді. Ал, арандатушыларосы осал тұсты дөп басып, халықты орынды талабын қанды қырғынға ұластырды…

​Алаңға шыққандар басында әлеуметтік, экономикалық мәселе төңірегінде жиналғанымен, біраз уақыт өткеннен кейін олардың талаптары саясиланды. Бұл адамдар елдегі шешілмей жатқан мәселелердің өзегі саясатта жатқанын түсінетінін және оның саяси өзгерістер болғанда ғана жүзеге асатынын білетінін көрсетті.

​Қаңтар оқиғасы қазіргі саяси тарихымызға қайғылы сабақ болды. Ал, биліктің кейінгі әрекеттері жүйені түбегейлі реформалаудың өзектілігін көрсетті. Қаңтар оқиғасының Қазақстанның жаңа тарихындағы маңызын қорытындылауға әлі ерте деп ойлаймын. Олардың елдегі түбегейлі саяси өзгерістерге ұйытқы болғаны анық. 30 жыл бойы ғана айтылып кележатқан саяси реформалардың міндеттері өмірде шынайы жүзеге аса бастады. Мысалы, Президентмемлекеттің саяси-құқықтық негіздерден бастап, елді түбегейлі өзгерту бастамасын көтерді. Саяси реформалар бойынша шаралар кешені ұсынылды. Оған еліміздің Конституциясына түзетулер енгізу, өзінің тиімсіздігін көрсеткен суперпрезиденттік биліктен теңгерімді жүйеге кезең-кезеңімен көшу, «күшті президент – беделді парламент – есеп беретін үкімет», саяси жүйені елеулі либерализациялау және партиялық-саяси бәсекелестіктің кеңеюі, конституциялық сот пен адам құқықтарын қорғаудың маңызды институттарын енгізу болып табылады.

​Қандай да бір қиыншылдықтар туындаса, олар әлеуметтік жағдайға және экономикалық мәселелерге қатысты болады. Бізде ел экономикасында болып жатқан оқиғалардың картинасын да анық көрінді. Ендеше, біз бір жыл бұрынғы қаңтар оқиғасынан сабақ алуымыз тиіс.

​Саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар бірін-бірі толықтырса, сонда ғана елімізде орта тап қалыптасады. Өйткені, орта тап барлық саяси процестерді тұрақтандырушы болып табылады. Ол үшін Үкімет шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруы керек, микрокредиттік ұйымдардың жұмысын, оның ішінде мемлекет есебінен де қолдау қажет, шағын несиенің қолжетімділігін арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу шараларын қарастыру қажет. Менің ойымша, мықты орта таптың қалыптасуы әділетті Қазақстанның дамуында жаңа дәуірді ашады.

Айдын ЛҰҚПАНОВ,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

кафедрасының аға оқытушысы, 

саясаттанушы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз