IMG 4939 08 06 19 10 45

Ертең Атырауда қоғамдық көліктер тұрғындарды тегін тасымалдамақ

Жаңалықтар Саясат Қоғам

Atr.kz/8 маусым, 2019 жыл. Атырауда сайлау күні қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсететін болады​.

9 маусымда қоғамдық көлік ​ компаниялары жергілікті тұрғындардан жол ақысын ​ алмайды, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің орынбасары Шәкір Кейкін жиын барысында мәлімдеді.

Шәкір Кейкіннің айтуынша, жексенбі, 9 маусымда, қала ішіндегі және қала маңындағы ауылдық округ тұрғындары үшін ​ қоғамдық көліктегі жол ақысы тегін болады.​

— Бұл, ең алдымен, сайлауға қатысуға ниет білдірген тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жасалады. Автобустар 7.00-ден бастап жолаушыларға қызмет көрсете бастап, 21.00-ге дейін жұмыс істейді, – деді ​ Шәкір Кейкін.

Бүгінгі күні Атырауда 9 тасымалдаушы компанияға қызмет көрсететін 30 маршруттық бағыт бар.


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған