Қазақстан туралы ресейлік депутаттардың даулы сөзіне елші жауап берді (+ВИДЕО)

izobrazhenie 2021 02 11 135848 БЕЙНЕЖАЗБА

– Тым жақын қабылдаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бірақ ол орынсыз сөздер Ресейдің ресми ұстанымына қарама-қайшы екенін ерекше атап өткім келеді. Екі елдің арасында шекара нақты келісімшартпен бекітілген және барлық ұзындығы бойынша делимитациядан өтті. Қазақстан мен Ресейдің күн тәртібінде аумақтық талап-тілектер мүлдем талқыланып жатқан жоқ. Әрине, Ресей Қазақстанның тәуелсіздігіне, егемендігіне және территориялық тұтастығына құрметпен қарайды.

Меніңше, Ресей мен Қазақстан арасындағы шекара ол екі мемлекетті бөлетін емес, бізді біріктіретін шекара. Мен солай қараймын. Ал жер мәселесін қоздыратын адамдар Ресей мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынасқа нұқсан келтіргісі келеді деп ойлаймын. Қазіргі шекарадағы Қазақстан мемлекеттілігінің тарихын ғалымдар зерттеуі тис. Оны екі мемлекеттің сыртқы саяси теке-тіресін туғызу үшін қолдануға болмайды.

Мен Қазақстан Республикасының шекарасына айналған Қазақ КСР-нің шекараларын анықтағанда, Қазақстан мүдделері толығымен сақталды деп есептеймін. «Большая игра» бағдарламасында осыны айтқан едім. Ал енді осы жағдайға байланысты бауырлас Қазақстан халқына тағы да жылы лебізімді білдіремін, – деп жауап берді Ресей Федерациясының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз