Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді

Atr.kz/20 наурыз, 2019 жыл. Бүгін Республика Президенті міндетін атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық қаһарманы»  атағын берді.

Elbasy
Тарихи сәт

Сондай ақ, бүгін Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаруға кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты «Алтын жұлдыз» орденімен марапаттады.

 «Аса қадірлі Елбасы, жиналған қауым! Менің ҚР Президенті қызметімдегі бірінші шешімім  «ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы туралы»  Конституциялық заңға және «Мемлекеттік наградалар» туралы заңға сәйкес, Тәуелсіз Қазақстанды орнатудағы тарихи үлесі, экономикалық және әлеуметтік және гуманитарлық дамытудағы, қазақстандық қоғамды топтастырудағы аса үздік еңбегі үшін ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» орденін тапсыра отырып, «Халық қаһарманы атағын беремін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысы кезінде.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button