
Саясат
МӘЖІЛІСМЕН СЕРІК ЕРУБАЕВ ЖАЛҒАНСАЙ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Махамбет ауданына соның ішінде Жалғансай селолық округіне іссапармен барған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сәрсенұлы тұрғындармен кездесіп, референдумның мән-маңызына тоқталды.
Атап айтканда, еліміздің Ата Заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы толықтай баяндап берді. Соның ішінде Конституцияның 33 бабына 54 өзгеріс енгізілетінін ерекше атап айтты. Өз кезегінде ауыл тұрғындары 5 маусымда өтетін еліміздің ең маңызды саяси науқанын қолдайтындықтарын жеткізді. Сондықтан дауыс беру күні белгіленген учаскелерге барып, белсенді атсалысатындарын айтты. Бұдан бөлек, тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарды қойып, оған қанағаттанарлық жауаптар алды.


