15 НАУРЫЗ – ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК!

Құрметті Атырау қаласы тұрғындары!

Атырау қаласы әкімінің 2014 жылғы 21 ақпандағы №156 «Елді мекендердің санитарлық тазалығы, сумен қамтылуы және кәріздік нысандарының 2014 жылдың көктемгі-жазғы маусымына дайындығы туралы» қаулысына сәйкес, үстіміздегі жылдың 1 наурыз бен 1 мамыры аралығы Атырау қаласы бойынша санитарлық тазалықтың екі айлығы болып жарияланды. Атырау қаласы әкімдігі тазалық айлығы аясында 15, 29 наурыз және 12, 26 сәуір күндері «Туған қала тазалығы – өз қолыңда!» атты жалпықалалық сенбіліктер ұйымдастырады.

 

Құрметті қала тұрғындары! Осыған орай, наурыз айының 15 күні болатын жалпықалалық сенбілікке белсене қатысып, туған өлке тазалығына өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз!

Атырау қалалық әкімдігі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз