Нью-йорк полициясы, оның артықшылығы неде?

64e8f7f0c79763962acdd16c12127df0 resize w 520 h Жаңалықтар

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Нью-Йорк полицейлерінің тәжірибесін енгізуді ұсынып отыр.

64e8f7f0c79763962acdd16c12127df0_resize_w_520_h_

– Мемлекет басшысы Нью-Йоркте қылмыс деңгейін төмендету бойынша жүргізілетін жұмыстарды жиі мысал ретінде келтіретін. Жақында мен Нью-Йорктің әрбір ауданында, оның ішінде қай ауданда қылмыс деңгейі көп, қайсысында аз көрсетілетіні  жайлы оқыдым. Бұл тәжірибені, әсіресе, кәсіпкерлікпен айналысатындар жиі қолданады екен. Мысалы, қонақүйлер. Олар өздерін жарнамалау мақсатында: «Қонақүй мына ауданда орналасқан, мұнда қылмыс деректері мүлде болған емес» деп жазады. Осылайша қонақүйге келушілер мен туристер саны артады. Және сол ауданда орналасқан үйлердің бағасы да сәйкесінше қымбаттайды, – деді Бақытжан Сағынтаев.

Оның айтуынша, мұндай тәжірибені Қазақстанда да қолдану қажет. «Мұнда бізге халыққа еліміздің қай қаласында қылмыс саны көп, қай облыста қандай жұмыстардың атқарылып жатқанын айтып, көрсету керек» деді премьер-министр. Сонымен қатар, елімізде жергілікті полициядағылардың қызметін күшейтудің қажеттілігі айтылды.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы облыс әкімдері мен ішкі істер министрлігі өкілдеріне болып жатқан ірі жол апаттарының себептері мен республикадағы қауіпті учаскелерді анықтауға тапсырма берді.

Азамат Базарбаев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз