Жарнама
Саясат

Мәжілісмен исатайлықтармен кездесті

 Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Дүйсенбай  Тұрғанов Исатай, Зинеден ауылдарында болып, тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев пен «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Әліби Хайдаров та қатысты. 

Мәжілісмен елімізде өткелі отырған референдумның маңыздылығын және Ата заңға енгізілетін өзгерістер жөнінде түсіндірді. Оның айтуынша, Республикалық референдум туралы негізгі заң 1998 жылы қабылданды. Бұған дейін Ата заңымызға бес рет өзгерту енгізілді. Ал, қазіргі ұсынылып жатқан жобаның ішінде Президенттің өкілеттілігіне қатысты да өзгерістер бар. Президент өзіндегі кейбір өкілеттіліктерді Үкіметке, Парламентке және жергілікті атқарушы органдарға бөліп беріп, суперпрезиденттік басқару жүйесінен құтылуды көздейді. Одан бөлек, Ата заңда Елбасы, тұңғыш Президент деген статустар болмайды. Тұңғын Президент туралы Конституциядағы заңдардың күші жойылады. Ол тек экс-Президент болып қалмақ.

IMG 6817

Сондай-ақ депутат Дүйсенбай Тұрғанов  тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне де құлақ асты. Зейнеткер Қадыржан Көпбергенов кәсіптік-техникалық білім беру орнын ашуды сөз қылса, балабақша тәрбиешісі Айнаш Нәжмеденова балабақшаның сыйымдылығы қазіргі бала санына сәйкес келмейтінін айтты.  

IMG 6835

Ауыл әкімі Аслан Ғұбашев: -110 орындық балабақша, 200 орындық мәдениет үйі және спорт кешенінің жобалау сметалық құжаттамасы жасақтаулы тұр. Қаржы бөлінсе, құрылысы басталады,-деді.

Зинеден ауылының тұрғындарымен өткен кездесуде «Атырау-Астрахан» тасжолының құрылысын жүргізіп жатқан мердігер компанияның өкілдері келіп, жұмыс барысын баяндады.

IMG 6854

«QazAvtoJol» АҚ Атырау облысы филиалының директоры Болатбек Айтбаев:

-Ұзындығы 217 шақырым тас жолға төрт мердігер компания «Сине Мидас Строй» 78, «Lankaran/АқЖолҚұрылыс» — 33, «Ant Insaat/АқЖолҚұрылыс» — 58, «Todini Costruzioni Generali S.p.A» — 48 шақырымын жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әзірге ешқандай кедергі жоқ,-дейді және Х.Ерғалиев ауылы тұрғындарының қозғап келе жатқан жол бойынан мал өткелін салу мәселесі де шешілетінін айтты.

IMG 6847

Жол инженері Қазыбек Жұрмағанбетов барлық материалдардың сапасын құрылыс басында арнайы бөлінген адамдар жіті қадағалап отырғанын алға тартты.           

Берікбол Қонаров

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button