МАҚСАТ – АЙҚЫН, МӘСЕЛЕ – НАҚТЫ
Жолдауда айтылғандай, еліміз Тәуелсіздік алған кезеңнен бері 1300-ден астам денсаулық сақтау нысандарының бой көтеруі – шын мәнінде мемлекетіміздің халық денсаулығын жақсартуға деген шынайы қамқорлығының нәтижесі. Осы қамқорлықтың арқасында еліміздегі халықтың өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа артып отыр. Сондай-ақ, ана мен сәби өлімі төмендеп, демографиялық көрсеткіш артты. Денсаулық саласындағы мұндай оң нышандар біздің облыстық балалар ауруханасында да баршылық.
Жолдауда Елбасы келер жылдың 1-ші қаңтарынан бастап дәрігерлердің еңбекақысының 28 пайызға өсетіндігін айтты. Бұл халық денсаулығының күзетінде жүрген дәрігерлерге жаңа күш- жігер, үлкен жауапкершілік жүктейтіні анық.
Нұрқабыл
АЙТМҰХАМБЕТОВ,
облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері,
медицина ғылымдарының кандидаты.