БРАЙЛЬ ЖҮЙЕСІМЕН БІЛІМІН СЫНАДЫ

Атырау облыстық көрмейтін және нашар көретін азаматтар кітапханасында Брайль жүйесі бойынша «Біз – білімге құштармыз» атты білгірлік сайысы өтті. Бұл сайыстың мақсаты – зағип жастардың Луй Брайль бедерлі-нүктелі шрифт бойынша білімін толықтырып, біліктілігін  жетілдіру, кітапхана оқырмандарының осы жүйе бойынша оқуға қызығушылығын арттыру. 

 

Байқау төрт бөлімнен –  диктант жазу,  оқу сайысы, сипап-сезу қабілетін анықтау, ой-өрісін анықтау сынағынан тұрды. Сайыскерлер екі минут ішінде жеке-жеке белгілі бір тақырыпты оқу бойынша сынға түсті. Жарыстың үшінші бөлімінде қолмен сипап-сезу арқылы заттарды атау қажет болды.

Талапкерлер  ой-өрісін, біліктіліктерін көрсетті. Мақалдың басын бастап, үміткерлер жалғасын тауып, жұмбақ жасырып, шешуін тауып, көркемсөзді мәнерлеп жатқа айтты.

Гүлзада Ниетқалиева.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз