АУЫЛҒА ДА ЖАҢАРАТЫН КЕЗ КЕЛДІ

2e507d31 6e7d 4585 bbe4 881d151c16c9 870x400 1 Жаңалықтар

            Президент халыққа Жолдауында бірқатар өңірлердегі жауын-шашынның аздығы, құрғақшылық пен қуаңшылық егіннің шығымын мандытпай, жем-шөптің жетіспеуіне әкеп соқтыруы мүмкін екендігін, осы тұрғыда өткен жылғы қиындықтардан сабақ алып, қорытынды шығаратын кез жеткенін еске салды.

            Бұл ретте айтарым, Исатай ауданы да сондай, табиғи су көздері тапшы, жауын-шашын аз түсетін, жерінің ылғалдылығы төмен болып келетін шаруашылыққа қолайсыздау өңірлердің бірінен саналады. Сол себепті мұнда қысқа қажетті мал азығының 65%-ы сырттан тасымалданады. «Су – тіршілік көзі» десек, аудандағы мал мен жанның қарап отырғаны – оның аумағымен өтетін каналдар ғана. Сол арқылы жайылымдар мен шабындықтар суландырылып, канал бойын жайлаған шаруагерлер соның суын тұтынады. Алайда, біздегі бар каналдарға ұзақ уақыттан бері  мерзімнен күрделі жөндеу жүргізілмегендіктен жыл санап суару-суландыру жүйелерінің өткізгіштік қабілеттілігі төмендеуде.

             Соңғы кездері бұл проблеманы шешу бағытында қолға алынып жатқан жұмыстар да жоқ емес. Атап айтқанда, «Қазсушар» РМК өзінің теңгеріміндегі каналдарды жөндеуге қаражат бөліп, жоспарлы шараларды жүзеге асыруда. Осылайша, былтыр жалпы ұзындығы 23 шақырымға жуықтайтын «Қызыл үй» каналы жөнделіп, арналары кеңейтіліп, қайта қазылды. Мұндай жұмыстар алға қарай да жалғасады деген үміттеміз. Тұтастай алғанда, біреуге қарап алақан жаймай, жергілікті жердегі проблеманы мүмкіндігі өзіміз шешетін, сөйтіп ауылдағы шаруаны да жаңартатын кез келді деп есептеймін.

Нұрберген ӨТЕГЕНОВ,

Исатай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз