Жарнама
Саясат

Мұғалімдер мәртебесіне мән берілуде

Жолдау жолдарынан:

«Келесі жылы «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылдау керек деп есептеймін. Ол заң мұғалімдерді және мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлерін ынталандыратын барлық тетіктерді қарастыруы керек»

era_6986

Алдағы жылы Қазақстанда «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылданады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті. Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған сәтте жүрегіміз толқуға толы болғаны рас. Бұл – жыл сайын Елбасы Жолдауын жариялаған сәтте қайталанатын сезім. Өйткені, Президент халық көкейіндегі сауалдарды дөп басып отыратыны баршаға аян. Бұл жолы да солай болды.

Стратегиялық құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. Оның ішінде мұғалімдер мәртебесі туралы анық айтылды.

«Жүктемені қысқартып, қызметтен тыс тексерістерден арылту керек. Тыңдаңыздар, мұғалімдерге бүгінгі таңда барлық жұмыс жүктеле береді. Сайлауды өткізетін – мұғалімдер, үгіт-насихатты жүргізетін – мұғалімдер, бір шаруаны атқару керек болса – мұғалімдер… Ол үшін ешкім де оларға ақша төлеп жатқан жоқ. Оларды бұл жүктемеден арылту керек. Олар сабаққа дайындалып, тиісті уақытында жұмыс істеуі керек. Тынымсыз тексерістер де бітпейді. Міне, заң осыларды тоқтату үшін керек», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Шындығында, Елбасының дәл осы сөзі керек еді бүгінгі қоғамға! Осыдан артық қандай қолдау керек?! Біздің қазақ елі білім саласына көңіл бөлуді бұрыннан қолға алып келеді. Алайда, дәл бүгінгі Жолдау Қазақстанның түкпір-түк-пірінде қызмет етіп жүрген мұғалімдерді бір серпілтті деп есептеймін. Біз еліміздің болашағы үшін жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруге қашан да әзірміз!

Қадыр ЖҮСІП,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, академик.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button