Саясат
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНДЕ БІРЛЕСКЕН ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Жоспар Агенттіктің мемлекеттік қызметті дамыту жөніндегі миссиялары мен міндеттерін халықаралық тәжірибе мен өңірлік үнқатысу алаңының мүмкіндіктерін пайдалана отырып одан әрі жүзеге асыруға бағытталған.
Бірлескен іс-шаралардың сипаты мен мазмұны Агенттіктің осы жылғы қаңтар айында қабылдаған Мемлекеттік қызметті дамыту мәселелерін шешу жөніндегі жоспарының бағыттарына сәйкес келеді. Оның басым бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметшінің кәсіби және тұлғалық сапасының бейінін әзірлеу болып табылады. Аталған жұмысты тиімді жүзеге асыру үшін ғылыми зерттеулер жүргізу жоспарлануда.
Биылғы жылғы мамыр айында өтетін VIII Астана экономикалық форумы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен мемлекеттік қызметтегі персоналды басқару мәселелеріне арналған Жаһандық конференция өткізілмекші.
Жалпы, Агенттік қабылдап отырған шаралар сапаға бейімделген кадрлық менеджменттің қазіргі заманғы әдістерін енгізуге бағытталған.