Баннер 9 мая от газеты Атырау

SAILAU-2021: Байқаушылардың құқықтары қандай?

1539052415 article b Саясат

Орталық сайлау комиссиясының отырысында баяндама жасаған Серік Сыдықов дауыс беру күні фото, аудио және бейнежазбаны жүзеге асыру бойынша байқаушылардың құқықтарының ерекшеліктеріне тоқталды.

«ҚР-дағы сайлау туралы» Конституциялық заң ұлттық байқаушылаушыларға дауыс беру барысына және оның қорытындыларын шығаруға кедергі келтірмей, фото -, аудио-және бейнежазбалар жасауға құқығын береді.
Сонымен бірге, бұл құқықты жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген адам құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңда бекітілген дауыс беру құпиясын сақтау қағидатына қол сұға алмайды.
Тиісінше, фото -, аудио-және бейнежазба, сол сияқты байқаудың өзі де дербес деректердің, оның ішінде сайлаушылар тізімінің, толтырылған бюллетеньдердің және т.б. құпиялылығы сақталатындай етіп жүзеге асырылуға тиіс.
Бұл ретте «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 61) тармақшасына сәйкес жазба (фото -, аудио-және бейне -) трансляцияға (тікелей эфирге шығуға) ұқсас санат болып табылмайды. Осыған байланысты учаскелік сайлау комиссиясы мен байқаушылар заңнама сайлау учаскелерінен онлайн-бейнетрансляция жүргізуге жол бермейтінін ескеруі қажет.
Байқаушы жүргізген фото -, аудио-және бейнежазбалар азаматтық, қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Баспасөз қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз