Атырау облысында алғашқы сайлаушылар дауыс берді

img 20210110 wa0110 Жаңалықтар

Барлығы өңірде 265 сайлау учаскесі ұйымдастырылған, деп хабарлайды Atr.kz

Бүгін, 10 қаңтарда сағат 7.00-де сайлау учаскелерінде алғашқы сайлаушылар келді. Барлық сайлау бекеттері тиісті санитарлық талаптар мен ережелерді сақтай отырып жұмыстарын бастады. Сайлау учаскелерінің барлық аумағына белгілеу салынды. Санитайзерлер қойылған, кіреберісте дезинфекциялау кілемшелері бар.

Бетпердесіз келген сайлаушыларға жеке қорғаныс құралдары беріледі. Бақылаушылар қорғаныс әйнегімен қорғалған.

Еске сала кетейік, өңірде 265 сайлау учаскесі ұйымдастырылса, оның 117-сі Атырау қаласында, қалғаны аудандарда. Сайлауға 7 халықаралық бақылаушы қатысуда. Дауыс беру жергілікті уақыт сағат 20.00-де аяқталады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз