Жарнама
Саясат

Исатай ауданында Тәуелсіздік монументі ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Исатай ауданы орталығында Тәуелсіздік монументі ашылды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Салтанатты шараға Атырау облысы әкімінің міндетін атқарушы Нариман Тауышов арнайы қатысты.

  • Монумент — тарихи-танымдық маңызы зор нысан. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолында әрқайсымыз еңбек етуіміз керек. Егемендігіміз еңселі болғай — деді облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов.

509d9c36 b4aa 4c06 b0bc 306309e3efbc

Исатай ауданы орталығы — Аққыстауда қойылған еңселі ескерткіштің биіктігі 16 метр.

Ені мен ұзындығы 6,5 метр. Мұнара биігінде ұлтымыздың киелі шаңырағы бейнеленген. Оның айналасында ұшып жүрген құстар бар. Бұл – шаңырағымыздың биіктігі мен бейбітшілікті суреттейді.

b192d150 aa4f 4a34 974d c2c66b8bc54a

Мұнараның артқы жағында биіктігі – 5 метр, ұзындығы – 7 метр, ені — 1,10 метр көлемде 3 колоннадан тұратын 2 дана рельефті-мүсіндер орнатылды.

Онда 30 жыл ішіндегі еліміздің жетістіктері мен
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ант беру сәті
бейнеленген.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button