
Саясат
Елімізде ғылым және технологиялық саясат туралы арнайы заң қабылданды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Президент сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және технологиялық саясат, платформалық жұмыспен қамту және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына да қол қойды.