Кемелденген ұлттық сана – өркендеу кепілі

Г лфайруз АЙЫР АЛИЕВА Жаңалықтар

Гүлфайруз ҚАЙЫРҒАЛИЕВА,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау

мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты:

Г__лфайруз __АЙЫР__АЛИЕВА

– Тәуелсіздікті нығайтуда саяси және экономикалық қуаттылықпен қатар, рухани тұрғыдан жаңғыру үлкен рөл атқарады. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы елдегі рухани құндылықтарды нығайтуда өте маңызды бағдарламалық құжат болып табылады. Президентіміз өз мақаласында атап өткендей, 25 жылда елдің тәуелсіздігін нығайтуда рухани құндылықтар мемлекеттің іргелі болуына үлкен қызмет жасады.

Қазір әлемде 197 мемлекет бар. Оның ішінде 193-і – Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдер, 7,5 миллиард тұрғын, 4,5 мыңнан 6 мыңға дейін – ұлт пен ұлыс, этникалық топ бар. Шынымен де, тарихын, ұлт пен ұлыстың бастауларын білмеген елдің жетістікке жетуі екіталай. Осы орайда Елбасы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. «Мәдени-географиялық белдеу жобасы» және басқа да жобалар – Отанға құрмет сезімін құрайтын маңызды тетіктер. Біз бабалардың бүгінгі ұрпаққа қалдырған кең-байтақ жерін, ондағы табиғи байлықтарын көздің қарашығындай сақтауымыз қажет.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз