ДӘСТҮРЛІ КӨРМЕ-КОНФЕРЕНЦИЯ

Кеше Астанада «Bolashak Alumni Reunion Conferenceand Education Fair – 2015» атты дәстүрлі көрме-конференциясы өз жұмысын бастады. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығметов Орталық коммуникациялар  қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында мәлім етті.

 

«Көрме-конференция  екінші жыл қатарынан өтіп отыр. Былтыр ол өте сәтті өтті. Биылғы «Болашақ» бағдарламасының көрме-конференциясына  әлемнің 40-тан астам университеті қатысуда. Осы шараны жыл сайын өткізіп тұратын боламыз. Бұл – пікір алмасуға, білім саласындағы жаңа үрдістерді талқылауға таптырмас алаң. Шетелдік сарапшылар Қазақстан жоғары оқу орындарының алған бағытына баға беріп, Қазақстандағы «100 қадам» бағдарламасының оң тұстарын  талқылауда», – дейді Ғ.Нығметов.

Сонымен қатар, шара аясында әлемдік жоғары оқу орындарының көрмесі өтеді. Бұл көрмеге Астана және көрші аудандардың оқушылары мен студенттері шақырылды. Олар көрмедегі университеттердің бағдарламаларымен танысуға мүмкіндік алды.

Өз тілшімізден.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз