Саясат
Ауыл ақсақалдары белсенді
Күннің алғашқы жартысында дауыс бергендердің қатарында Мақат аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері Марат Шайкунов пен Жақсылық Алтыбаев та болды.
Бірі мұнай, бірі білім саласының ардагері болып келетін қос ақсақал ауданның қоғамдық өміріне белсене араласуымен жергілікті жұртшылыққа жақсы таныс.
«Бүгін тарихи күн. Ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдумда дауыс бердім. Осылайша азаматтық парызымды орындап, еліміздің одан әрі дамуы үшін өз дауысымды бердім»,- дейді Доссор кенті ақсақалдар кеңесінің мүшесі Марат Шайкунов.
Айта кетейік, референдум кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
А.Есжан