Жаңа жұмыс орындары құрылады

Screenshot 4 1 Саясат

Screenshot_4

Біз бүгін Елбасы Жолдауын талқыладық. Маңызды құжатта елдің даму параметрлері айқын сипатталған.

Мен жеке кәсіпкер болғандықтан, Елбасының орта және шағын бизнесті ілгерілету жөнінде айтқан бағыты көңіліме қонды. Әсіресе, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының одан әрі жалғасатыны қуанышты жаңалық болды. Бұл бизнестің өркендеуіне, жаңа идеялардың қалыптасуына оң ықпал етері анық. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындары құрылады, бюджетке түсім көбейеді. Жолдауда осылайша отандық бизнесті қолдау арқылы импортты алмастыру жайы айтылды.

Мен өзім осы бағдарлама бойынша несие алып, бизнесімді бастаған жанмын. Жеңіл өнеркәсіп саласындамын, әйелдерге және балаларға арналған киімдерді шығарамыз. Түрлі республикалық, халықаралық көрмелерге қатысып, жоғары бағаға ие болдық. Төрт адам жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта да ел экономикасының дамуына сүбелі үлес қосуға асықпын.

Ирина Нейбарт, «Нейбарт» ЖК директоры

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз