Саясат
Әділ сайлау өтеді деп сенемін
Халық пен биліктің мызғымас бірлігі — қоғам дамуының іргетасы болып табылады. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының өткен жылғы жариялаған Жолдауында көрсетілген әкімдерді төте сайлау науқанына да келіп жеттік.
Әрине, билік басына өз қалаулысын сайлауға қарапайым жұртшылық та құштар. Ендігі тілек: бұрынғы сайлауларда жіберілген қателіктерге сын көзбен қарап, науқанның әділ де сәтті өтуін қамтамасыз ету.
Жаңадан сайланған әкімдер енді жоғарғы жаққа жалтақтамай, өзіне сенім көрсеткен халыққа адал да мінсіз қызмет етуі тиіс. Ал сайлаушылар өз үмітін ақтамаған әкімдерді тағынан тайдыратын дәрежеге жеткені жөн.
Ол үшін, әрине, заңды жақсы меңгеріп, белсенділік тізгінін өз қолына алулары керек.
Нұрдәулет Ақназаров,
ардагер-журналист