Жарнама
Саясат

«Алтын той» иелері – референдумда

Жаңаталап ауылдық округінде орналасқан нөмірі 180 дауыс беру учаскесінде үш сағаттың ішінде 500-ге жуық тұрғын дауыс берді.

Өзгерістерден оң нәтиже күтушілердің қарасы көп, тіпті кезек күтіп тұр. Солардың арасында «алтын тойын» тойлаған Ақбалаевтар отбасы да бар. Отағасы Марат ата мен отанасы Майра әжей тарихтағы бірінші оқиғадан қапы қалмақ емес.

— Осы күнге дейін президент, әкім сайлауларына белсенді қатыстық. Бүгін де Отанының азаматы ретінде жұбайым екеуміз келген жайымыз бар. Келер ұрпағымыз ештеңеден қысылмай өмір сүруі үшін таңдауымызды жасадық,-дейді Марат Ақбалаев.

Мұндай өзгеріс демократияның анық көрінісі деп, жиылған қауымға батасын берді.

ser-per.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button