Жарнама
Саясат

АДАМНЫҢ САУЛЫҒЫ – АЛДЫҢҒЫ КЕЗЕКТЕ

 

Әрісін айтпағанда соңғы eкі-үш жылда аймақтың денсаулық сақтау саласында көптеген емдеу орындары салынып және оған қажетті аппаратуралар сатып алынды. Атап айтқанда, облыстық онкологиялық диспансері мен облыстық балалар ауруханасы соңғы үлгідегі 64 тілімді томографпен жабдықталса, облыстық кардиохирургия орталығында 128 тілімді томограф іске қосылды. Сондай-ақ, кардиология орталығында эксперт класты УДЗ (УЗИ) аппараты, аритмологиялық ауруларды жоғары деңгейде анықтайтын ЭФИ лаборатория қондырғылары сатып алынса, облыстық аурухана мен онкологиялық диспансерде эксперт кластағы УДЗ (УЗИ) аппараттары мен ас қорыту органдарының ауруларын ерте анықтайтын қазіргі заманғы фибро-гастро-дуодено колоноскоп, цинктелген маммограф қондырғылары алынды.

2014 жылы облыстың медициналық ұйымдарына барлығы 39, ал, 2015 жылы Атырау қалалық жедел жәрдем станциясына 19 арнайы автокөліктер алынды. Тұрғындардың саулығын сақтау, оларды сапалы әрі тиімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету бағыты үнемі күн тәртібінен түспейді. Сондықтан да, емдеу саласында атқарылған шаралар легі аз емес.

Қуанарлық жағдай, үстіміздегі жылы өңірдегі тұрғындардың өмір сүру жасының ұзақтығы 72 жасқа жақындады (71,8). Орташа өмір ұзақтығына тікелей әсер ететін жалпы өлім көрсеткіші жыл сайын төмендеуде. Демографиялық көрсеткіштер тұрақты болды. Былайша айтқанда, туу мен табиғи өсім көрсеткіштері былтырғы деңгейде қалып, жыл басынан бергі халық санының өсу қарқыны 1,3 пайызды құрады. Сәбилер өлім-жітімін 12 пайызға төмендетуге қол жеткізілді. Өңірдегі әйелдердің денсаулығының төменгі индексінен бала туу жасындағы әйелдердің арасында экстрагенитальды патологиялардың деңгейі сақталуда.

Қазіргі уақытта облыстың мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінде 166 медициналық ұйымдар халыққа қызмет көрсетеді. Олар: 29 стационарлық ұйым, құрамында 55 дәрігерлік амбулатория, 6 ФАП, 46 медпункт бар 8 қалалық емхана мен 7 аудандық емханалық бөлімшелер және 12 әртүрлі медициналық мекемелер жұмыс істейді. Емдеу орындарының заманауи құралдармен жабдықталуы, жаңа медициналық технологиялардың енгізілуі тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға, әр азаматтың денсаулығын жақсартуға оң ықпалын тигізуде. Соңғы үш жылда облыс аумағында 23 денсаулық сақтау нысандары салынып, пайдалануға берілді. Оның ішінде «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емханалар салу» бағдарламасы бойынша жоспарланған 19 нысан (аусымына 25 келушіге арналған 14 дәрігерлік амбулатория, 4 ФАП және ауысымына 250 келушіге арналған Жылыой аудандық емханасы) салынып, ел игілігіне берілді. Ал, былтырғы жылы облыстық балалар ауруханасы толық қайта жарақтандырылудан өтіп, жаңа хирургиялық корпус салынды. Республика бойынша алғашқы типтік жобаға жататын ЖИТС (СПИД) орталығының жаңа ғимараты салынып, іске қосылды. Жергілікті бюджет есебінен Махамбет ауданынан аусымына 25 келушіге арналған 1 амбулатория іске қосылды. Ағымдағы жылы Индер ауданында аусымына 100 келушіге арналған емхананың құрылысы аяқталып пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін осындай емхана Геолог поселкесінен берілетін болады. Қаладағы «Нұрсая» шағын ауданында салынып жатырған 150 керуеттік облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы аяқталуға жақын.

Аманбек ЖҰМЫРОВ,

облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button