Саясат

Референдум күні ауданда екі сәби дүниеге келді

Х.Санбаев атындағы орта мектепте орналасқан №207 референдум учаскесінде дауыс беру қарқынды өтуде. Қазірге дейін учаскеде дауыс берген 1000 адам тіркелген.

Комиссия мүшелері өз жұмыстарын үлкен жауапкершілікпен атқарып отыр. Комиссия мүшесі, полиция қызметкері және бақылаушы жаңа босанған аналардың жалпыхалықтық референдумға қатысуына да жағдай жасады.

Келіп түскен өтініштерге сәйкес аудандық ауруханадан 12 адам, перзентханадан 5 адам дауыс берді. Оның екеуі жаңа босанған ана, үшеуі медициналық қызметкер.

Айта кетейік, жалпыхалықтың дауыс беру күнінде ауданда 2 сәби дүние есігін ашты.

А.Жұмабергенқызы

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button