Махамбет ауданының әкімі референдумда дауыс берді

988b83e3 c2c2 4acd 9791 eff32ff83954 Саясат

«Өнерпаз» мәдениет үйінде орналасқан №215 дауыс беру учаскесіне келушілердің қатары артуда. Аудан әкімі де еліміздің дамуына сеп болар референдумға келіп, өз таңдауын жасады.

– Бүгінгі күн – ертеңгі тарих. Конституцияға енгізілетін өзгерістермен жіті танысуға, референдумда дауыс беруді халыққа тапсырып отыр. Бұл дегеніміз – ел демократиясының алға жылжуының белгісі. Әрбір аудан тұрғыны референдумда белсенділік танытып, өз таңдауларын жасайды деген сенімдемін,- деді аудан басшысы.

Айта кету керек, аталған сайлау учаскесіндегі дауыс берушілер саны 500-ге жуықтады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз