Референдумға жас та кәрі де қатысуда

screenshot 20220605 095731 Саясат

Қайыршақты ауылдық округі, «Жұлдыз» шағынауданында орналасқан №252 референдум учаскесінде 130-дан астам сайлаушы өз таңдауын жасап үлгерді. Референдум учаскесінде 2499 дауыс беруші тіркелген.

Округ бойынша дауыс бергендердің арасында 81 жастағы Бағытжан Қалимұханов та бар.

– Балаларымыздың келешегінің жақсы болғанын қалаймыз. Елде өтетін сайлау науқандарына жиі қатысып, азаматтық міндетімді атқарып келемін. Елдің игілігіне асады деген бастамалардың барлығы орындалсын, – деді қарт.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз