Жарнама
Саясат

ХАЛЫҚҚА – МІНСІЗ ҚЫЗМЕТ

Атырау облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Қайрат Қонысұлының айтуынша, Атырауда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығын салу 2014 жылға жоспарланып отыр. Құрылысты салу үшін қаржы республикалық бюджеттен қарастырылуда. Ал, абаттандыру, инфрақұрылым жұмыстарын жүргізуге облыс әкімдігі тарапынан қолдау көрсетілмекші. Қазіргі таңда қалалық әкімдіктен Атырау-Астрахан тасжолы бойынан төрт гектар жер бөлінді.
— Аталмыш орталық екі саланы қамтиды, — дейді Қайрат Қонысұлы. — Атап айтсақ, автокөліктердің техникалық төлқұжаты мен жүргізуші куәлігін алуға қызмет көрсетіледі. Осы орайда «неліктен кең көлемді жер бөлінді?» деген сауал туындайтыны орынды. Себебі, жүргізуші куәлігін алушылар сол орталықтың ішінде емтихандарын тапсырады. Көлік жүргізуге оқу-үйрену алаңы да осында болмақ. Жүргізуші куәлігін жоғалтып алған кезде де екі сағаттың ішінде жаңа құжаты дайын болады.
Ал, техникалық төлқұжатқа келер болсақ, автокөлік сол жерден тексеріліп, есепке тіркеліп, нөмірі беріледі. Бір сөзбен айтқанда, көлік жүргізушілері үшін барлық жұмыс бір жерден бітуге және уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.
— Бұл мәселе Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауынан туындап отыр. Сол себепті, әр аймақ басшыларына барлық тиісті жұмыстарды өз уақытында атқарып, жер бөліп, дайындық жұмыстарын жүзеге асыруды тапсырамын, — деп Б.Сағынтаев мәселенің өзектілігіне үлкен жауапкершілікпен қарауды міндеттеді.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button