«Демократияландырудың нақты нышаны»

whatsapp image 2021 07 25 at 14.01.56 Саясат

Қызылқоға ауылдық округіндегі жасы ең үлкен сайлаушы Бәтима Ідірісова. Саяси науқандағы өз таңдауын жасаған қария бұл жолғы сайлаудың жөні бөлек, мəні ерек екенін айтты.

-Жасым тоқсанға таяды. Осы жерде туып-өстім, еңбек еттім, зейнеткерлікке шықтым. Саналы ғұмырымда бір емес, бірнеше сайлауды өткердім. Бірақ бұл жолғысының жөні бөлек, мəні ерек. Себебі мұнда өз ауылымыздың əкімі болуға лайықты азаматты өзіміз таңдап, сайлаймыз. Мұны еліміздегі қоғамдық жаңарудың, демократияландырудың нақты нышаны, азаматтарға беріліп отырған еркіндік, өзінше таңдау жасау құқығы деп түсінемін. Кім болса да, ауылдың жайы мен жағдайын білетін, жаны ашитын, ауылдастарының мұң-мұқтажына құлақ асып, мүддесін қорғайтын адамның əкім болып сайланғанын қалаймын, – деді ол.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз