Сайлау

Жайық жағасындағы жүздесу

«Ауыл» партиясынан Парламент Мәжілісіне кандидат Серік Егізбаев, Ерболат Саурықов, Болатбек Қыстауов, Ілияс Досқожаев пен жергілікті мәслихатқа үміткерлер Батыс Қазақстан облысына барды. Олар ірі қайта өңдеу кәсіпорны «Жайық ет» ЖШС ұжымымен, жоғары оқу орнының оқытушыларымен, студенттерімен кездесті.

«Жайық ет» серіктестігі – өңірдегі шұжық және ет өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорын. Ет өңдеу кешені жаңа үлгідегі заманауи жабдықпен толық жабдықталған. Бүгінде жылына 7000 тонна мал мен құс етін шығарып, 100% қуаттылықта жұмыс істейді. Бордақылау алаңдары Зеленов ауданында, мал сою пункті Орал қаласында орналасқан. Кәсіпорын өнімі Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облысының нарығына шығарылады. Серіктестікті «Ауыл» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, еңбек адамы Темірғали Ескендіров басқарады. Жиында «Ауыл» партиясының агроөндірістік кешендер, ауыл шаруашылығының дамуына мүдделі екені, сондықтан үнемі солардың мүддесіне қызмет ететіні жайлы айтылды.

«Ауыл» партиясы ұлттық әл-ауқатты арттыру­дың түбегейлі жаңа саясатын ұсынып, оны жүзеге асыруға дайын. Біздің мақсат – елімізді индустриалды-аграрлық державаға айналдыру және сол арқылы азық-түлік қауіпсіздігі деңгейі өте жоғары мемлекет құру. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені экономиканы дамыту үшін ғана емес, жалпы мемлекет үшін де маңыз­ды стратегиялық мәнге ие. Біз Мәжіліске бар­ғанда ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, олар­ды өңдеушілер үшін әлеуметтік аударымдар­дан басқа салықтың барлық түрін толық жою, өзіндік құн деңгейіне дейін субсидиялауды енгізу, агробизнестің дамуына кедергі келті­ре­тін, мемлекеттік органдар тарапынан болатын кез келген шектеуге тыйым салу бойын­ша күресеміз. «Ауыл» партиясы бүгінде ең­бек адамының мәртебесін көтеру, қоғамда жұмыс­шы мамандықтарына деген оң көзқарасты қалып­тас­тыру, ауыл еңбеккерлерінің абыройын асқақ­тату, беделі мен танымалдылығын арттыру жөнін­дегі барлық іске бастамашы, ұйытқы болып қана қоймай, соның заңнама тұрғысында нақ­ты мәртебеге ие болуы үшін күш салып жүр. Біз ай­тылған мәселелердің оң шешім табуына сіздердің қолдауларыңызбен ғана қол жеткіземіз», деді кандидат Ілияс Досқожаев.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button