Жетісудағы жылы жүздесу

191228164356249a3599331i Сайлау

«Amanat» партиясы республикалық сайлауалды штабының мүшелері Жетісу облысында болды. Мұнда Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Жанарбек Әшімжанов, Ерлан Саиров, Мұрат Теміржанов, Алмас Ахметбекұлы және Максим Рожин «JLC сүт» зауытының еңбек ұжымымен кездесті.

«JLC сүт» зауыты ұжымымен кездесуде кандидат Ерлан Саиров ауылды және ауыл шаруашылығын өркендету арқылы ел болашағын жарқын етуге болатынын жеткізді.

– «Amanat» партиясының ықпалымен ауыл тұрғындарына мал, құс өсіру, бау-бақша егу үшін жеңілдетілген несие беріледі. Ауылға жастарды тарту мақсатында партиямыз ауқымды бастама көтеріп отыр. Мәселен, оқу бітіріп, ауылға бет алған жастарға қомақты көтерме жәрдемақы беріледі, – деді Е.Саиров.

Өз кезегінде, кандидат Жанарбек Әшімжанов «Көктал» елді мекені тұрғындарымен кездесуде Мемлекет басшысының Жетісу облысының дамуы­н­а ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

«Туризм болсын, ауыл шаруашылығы болсын, кәсіпкерлік болсын, «Amanat» партиясы қай саланың да тыңнан тынысын ашады. Жетісу өңірінде 12 мың гектардан астам жерге қант қызылшасы егіледі. Партияның қолдауымен шағын және орта бизнеспен шұғылданатындар саны 71 мыңға артады. Нәтижесінде, атаулы салаға 129 мың жетісу­лық жұмысқа орналасады. Партияның Жетісу өңіріне арналған бағдарламасы облыстың әлеуетін арттыруға бағдарланған», деді Ж.Әшімжанов.

Азаматтық қоғам өкілдерімен кездесуде кандидат Алмас Ахметбекұлы халықтық партия елдегі жем­қор­лықты түбегейлі жоюға атсалысатынын айтты.

– «Amanat» партиясы елдегі жемқорлықты жоюды нысанаға алып отыр. Біз трансформациядан өттік. Біз халықтың, қоғамның талабына сай өзгер­дік. Өзгелер өзгерте алмағанды біз өзгертеміз. Себеб­і біздің иінімізде халықтың, яғни сіздердің аманат­тарыңыз бар. Біздің мүдде – халық пен билік ара­сындағы алтын көпірге айналу», – деді А.Ахметбекұлы.

Ал партияның республикалық сайлауалды штабында Talqylau диалог алаңының кезекті отырысы өтіп, онда «Еңбек адамы: алғашқы жалақыдан зейнетақыға дейін» тақырыбында сараптамалық талқылау жүргізілді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз