Жарнама
Сайлау

Талқайраңдықтар дауыс беріп жатыр

Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі, Талқайраң ауылындағы Талғайраң негізгі мектебінің ғимаратында орналасқан №77 сайлау учаскесінде кезектен тыс сайлау өз уақытында басталды. Бюллетеньдер саналып, жәшіктер пломбаланған. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Әліпқали Сәрсенғалиев барлығы 2099 сайлаушы тіркелгенін айтты. Сайлауға ертемен келіп, дауыс берген зейнеткер Зарина Мұқанбедиярова болды.
– Сайлау учаскесінде бір сенімді өкіл, 3 байқаушы қатысып отыр. Учаскеге тіркелген Қарабатан зауытының 957-і жұмысшысына дауыс беруге мүмкіндік жасалған. Сайлаушылар өздерімен бірге жеке басын куәландыратын құжатын алып келулері қажет. 9.00-дегі есеп бойынша 84 адам дауыс беріп үлгерді. Өздеріңіз байқағандай, учаскеде сайлау тұрғындардың белсенді қатысуымен өтуде, – деді комиссиясының төрағасы Әліпқали Үмбетұлы.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button