Бірнеше рет байқаушы болып келемін

screenshot 7 1 Сайлау

Мен Атырау қаласында өткен сайлау науқанына қатыса отырып, №4 учаскеде байқаушы болдым.  Бұған дейін де бірнеше сайлауда байқаушы болып, тәжірибе жинаған едім.

Бұл сайлау әділ өтті деп толықтай айта аламын. Белгіленген уақытта, яғни, таңертеңгі сағат 5.45-те учаскеге келдім. Менен өзге де тағы төрт-бес байқаушы отырды.Содан кешкі 22.00-ге дейін сайлау учаскесінде болдым.  

Бұл учаскеде 2416 сайлаушы тізім бойынша дауыс беруі тиіс еді. Тек, бір өкініштісі, соның 229-ы ғана келіп дауыс берді. Оның ішінде екі адам бірінші рет сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады.

Жалпы, байқаушылар мен сенімді өкілдердің саны оннан асады. Әр партияның байқаушылары, әр кандидаттың сенімді өкілдері болды. керлер Әжіғалиевтың, Мардановтың

Парламент мәжілісі депутатына және облыстық маслихатқа үміткерлердің сенімді өкілдері сайлаудың соңына дейін қатысты.

Кешкі 19.57-де соңғы дауыс берушілер келіп, сағат 20.00-де сайлау учаскесі жабылды. Дауыстарды санау кезінде үш байқаушы, үш сенімді өкіл қатысты. Содан кейін сенімді өкілдерге өздеріне тиісті хаттамалары берілді.

Қорыта келгенде, №4 сайлау учаскесінде 9,7 пайыз дауыс берілді.  

Анархан ЖҰМАБАЕВА,

байқаушы 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз