Сайлау

Тың көзқарас қажет

Бүгін елімізде 2023 жылдың 19 наурызына белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауы өтіп жатыр.
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, өз басым бұл сайлаудан көп нәрсе күтемін. Елдің дамуына, Жаңа Қазақстанның жаңаруына септігі тиетіндей сайлау болса екен. Өз басым мәжілісте болсын мәслихатта болсын жастардың көптеп келуін күтемін. Әлеуметтік психологиялық тұрғыдан жастар өзге топтарымен салыстырғанда білім деңгейі мен белсенділігімен және танымдық деңгейінің жоғарлылығымен ерекшеленеді. Осы тұрғыдан қарағанда қазаққа тың көзқарас керек. «Жас келсе-іске» –деген бар. Жастардың арасында депутат болуға лайық жандар өте көп. Міне сол жандардың жолы болса екен деп тілеймін.

Әлеуметтік психологияда «Конформизм» деген ұғым бар, яғни қоршаған ортаның ықпалы арқылы қалыптасатын әртүрлі қимыл-әрекеттерді білдіретін ұғым. Былайша айтқанда конформизм басқа адамдардың іс-әрекетін қайталау ғана емес, сонымен қатар, ол – қоршаған ортаның адамға қалай ықпал етуіне байланысты мінез-құлық. Міне мәжіліс пен мәслихатта «елім» дейтін жалындаған жастардың саны көп болса ол сол топтағы адамдарға да ықпалы тиер еді деп ойлаймын. Өз басым сайлауға барамын әрі жастарды қолдаймын. М.Жұмабаев атамыз айқандай «Мен жастарға сенемін!»

Карас КАЗИЕВ,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button