Жарнама
Сайлау

Мемлекет өміріндегі маңызды қадам

Мен, “Жастар таңдауы — Атырау” қоғамдық бірлестігінің байқаушысы Азамат Абдоллаев сағат 7.00-ден бастап Орлы ауылдық округіндегі №176 сайлау учаскесіндемін. Таңертеңнен бері сайлау учаскесінде адам көп, сондықтан қоғамдық ұйымдар мен партиялардың барлық бақылаушылары дауыс беру барысын жіті қадағалап отыр. Дауыс беру кезінде ешқандай ескертулер болған жоқ, бәрі заң шеңберінде жүріп жатыр.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы — мемлекеттік билік институтын жаңғырту жұмыстарының қорытынды кезеңі болмақ. Сондай-ақ, Қазақстанның жаңа басқару моделіне көшкенін дәлелдеуіне берілген мол мүмкіндік.
Тың идеялар, жаңа бастамалар нәтижесінде жаңарған Қазақстанды осы сайлаудан кейін көргіміз келеді. Сайлауға түсіп жатқан депутаттыққа кандидаттарға алдымен адалдық тілеймін. Еліне, Отанына деген ынта-махаббатын тиянақты ісімен дәлелдеп береді деген үлкен сенімдеміз.

Азамат Абдоллаев,
“Жастар таңдауы — Атырау” қоғамдық бірлестігінің байқаушысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button