Жарнама
Сайлау

Бұл сайлаудың ерекшелігі басым

Биылғы Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауының ерекшелігі басым. Өз басым бұған дейінгі қалалық мәслихаттың депутаттығына праймериз арқылы партиялық тізім жүйесімен өтіп, мәслихат хатшылығына сайланған едім. Енді мажоритарлық жүйемен кандидатурамды ұсынып, 19 наурыз күні сайлау өтті.

Әрине, 2003-2004 жылдарға дейін бір мандатты сайлау жүйесімен депутаттар сайланды. Демек, тәжірибеде бар. Бірақ, біршама уақыт үзілістен кейін тосырқап қалғанымыз байқалады. Дегенмен, халық өзіндік көзқарасын, елдің дамуына қатысты ұстанымын еркін көрсетті деп айта аламын. Себебі, бұл жолы өзін-өзі ұсынушылар көп екен. Қарапайым тұрғындардың тарапынан да бұған кәдімгідей ерекше көзқарас, берік принциптерін аңғардық. Дауыс беру нәтижесі ойдағыдай шықса, халықтың мүддесіне сай жаңа депутаттар корпусы тың серпінмен жұмысын жалғастырады деп ойлаймын.

Қаршыға ЖАУЫМБАЕВ,

Атырау қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button