Жарнама
Сайлау

Кадр даярлауға жаңа көзқарас

«Respublica» партиясының сайлауалды туры Қазақстанның солтүстігінде, Петропавл қаласында жалғасты. Партия өкілдері қала халқымен, кәсіпкерлермен және Солтүстік Қазақстан облысының іскер әйелдер қауымдастығымен кездесулер өткізді.

Турға партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Қырмызы Жандосова, Динара Наумова, Екатерина Смолякова, Олжас Болатбекұлы және Ермек Өмірзақов қатысты.

Кездесулердің бірінде А.Қожаназаров атап өткендей, партия тағы бір маңызды белесті еңсер­ді: атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойын­ша халықты жалпы қамту қазірдің өзінде 1 000 000 адамнан асты.

«Бұл көрсеткіште біздің еліміз бойынша күнделікті өткізетін халықпен кездесулер де, барлық ауданда және түрлі медиаарналар арқылы жүргізіліп жатқан басқа да коммуникациялық жұмыстар да ескерілген. Нақты нәтижені кем дегенде партия қатарына өтуге түскен өтініштердің санымен өлшеуге болады: соңғы жаңартылған мәліметтер бойынша олардың жалпы саны 153 мыңға дейін жетті», деді партия жетекшісі.

700-ге жуық адам қатысқан Петропавл халқы­мен кездесуде партиялықтар халықтың табысын арттырып, қалада да, ауылда да тұратын азаматтарға тең мүмкiндiк туғызу қажеттiгi туралы мәселелер көтерілдi.

«Өңірлердің негізгі мәселелерін гранттар бөлу арқылы емес, білім беру саласын бизнеспен тығыз біріктіру арқылы шешу керек. Бизнес олардың қажеттілігін шешіп отырады, қандай кадрлар қажет екенін де айтады. Ал колледждер мен университеттер өз кезегінде кадрларды даярлауы керек. Бұл – жұмыссыздық мәселесін шешудің бірден-бір жолы», деді Олжас Болатбекұлы.

Қырмызы Жандосова қазақстандық білім беру жүйесін қазіргі заманның шындығына бейімдеу керектігін айтты. Ең алдымен бұл бағытта мектепке дейінгі білім беру жүйесін өзгерту қажет.

«Respublica» партиясының сайлауалды бағ­дарламасындағы бастамалардың бірі – балабақша тәрбиешілерінің мәртебесін өзгерту. Оларды білім беру, оқыту, еңбекақы және әлеуметтік қамтамасыз ету жағынан мектеп мұғалімдерімен теңестіру қажет», деді Қ.Жандосова. Өз кезегінде Динара Наумова мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту үдерісін жетілдіру керектігін алға тартты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button