
Атырауда қалалық мәслихат депутаттарын сайлау өтті
Жуырда Атырау қаласында №12 және №18 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалған Атырау қалалық мәслихатының депутаттарының орнына сайлау өтті.
Тиісті аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 8 545 азамат енгізілді. Дауыс беруге 4 582 сайлаушы қатысса, оның ішінде 9-ы дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде таңдау жасады.
Бұл округ бойынша сайлауға үш кандидат ұсынылды. Сайлаудың нәтижесінде Б.Есенғожинге 2 998 дауыс берілді. К.Тұржігітов – 611, К.Хамзин 772 дауыс жинады. Ал «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны 76 болды.

Сайлау қорытындысымен №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Атырау қалалық мәслихатының депутаты болып 1977 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны, «Kazakh Construction Group» ЖШС-нің әлеуметтік сұрақтар бойынша бас менеджері Бекзат Есенғожин сайланды.
Ал №18 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайлаушылардың тізіміне 9 442 азамат енгізілді. Дауыс беруге 5 192 сайлаушы қатысты. Бұл аумақтық сайлау окургіне де үш кандидат ұсынылған болатын. Сайлаушылардың дауыс беру қорытындысында Н.Ізбасов үшін 3 477 дауыс берілді. Кандидат Р.Сағынғалиев 569 дауыс жинаса, Ж.Өтеғұловқа 911 дауыс берілді. Ал 92 сайлаушы бюллетеньдерінде «Бәріне қарсымын» белгісін таңдаған.

Сайлау қорытындысымен №18 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Атырау қалалық мәслихатының депутаты болып 1985 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны, «Smart Solution Service» ЖШС-нің директоры Нұрбек Ізбасов сайланды.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА