Сайлау

Халықтың сенімі маңызды

«Respublica» партиясы науқанның соңғы аптасын Маңғыстау облысының Ақтау қаласынан бастады. Партия кандидаттары мен өкілдері облыста екі күн болып, тұрғындарды сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарымен таныстырды.

Партия өкілдері аммиак пен аммиак селитрасын экспорттаушы «ҚазАзот» кәсіпорнының ұжымымен кездесті. Ақтаудағы іс-шара­ға кәсіпорынның 100 қызметкері қатысты. Пар­тия төрағасы Айдарбек Қожаназаров партия мүше­лерінің көздегені – халық сенімі екенін, мақсат – азаматтардың өмірін жақсарту үшін елге қызмет ету екенін баса айтты.

«Соңғы жылдары елімізде саяси көңіл күй өзгерді, бәрінің қоятыны бір сұрақ: мұнай мен газ қоры таусылған соң, 30-50 жылдан кейін қалай өмір сүреміз? Бізді де осы мәселе алаңдатады, сондықтан біз осында келдік. Әрқайсымыздың артымызда жеке табыс тарихы жатыр. Ал біздің еліміз жеке мақсаттарымыз бен мұраттарымызға жетуге мүмкіндік берді. Енді біз бар біліміміз бен күшімізді Отан игілігі үшін жұмсағымыз келеді! Біздің адамгершілік борышымыз – халықтың сенімін ақтап, өсіп-өніп, табыс тауып, жетістікке жетуімізге мүмкіндік берген елімізге шын жүректен қызмет ету», деді А.Қожаназаров.

Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Екатерина Смолякова «Respublica» партиясы білімді жастарды, білікті мамандарды, еңбек адамдарын алдыңғы қатарға қоятынын баса айтты. Дәл осы үш тұғырға сай партияның сайлауалды бағдарламасы әзірленген.

«Білімді жастар – ел дамуының қозғаушы күші. Дамыған елдерді алып қарасақ, ғылымды қарышты дамытып, зерттеп жатыр. Ал біз әлі күнге дейін әлеуметтік мәселелерімізді шеше алмай келеміз. Арада 30 жыл өтсе де сол сұрақтарды қойып жатырмыз. Біз оны келесі деңгейге көтеруіміз керек. Білімді арттыру, ғылыммен айналысу керек. Университеттер мен колледж­дер кәсіпорындармен тығыз байланыста болуға тиіс, оқу бағдарламалары үнемі қайта қаралып, заман талабына сай түзетіліп отыруы қажет. Дуалды оқытуды да барлық жерде енгізу керек. Бүгінде талапкерлер жұмысшы мамандықтарын меңгергісі, аймақтарға барғысы келмейді, себебі жалақы аз, әлеуметтік пакет өз деңгейінде емес. Осы мәселелерді шешсек, жастар ауылдарға, зауыттарға барады», деді Е.Смолякова.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button