Жарнама
Құқық

“Түнгі қаладағы балалар” іс-шарасы: Атырауда 1 күнде 100-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Жасөспірім балалардың құқықтарын бұзу, олардың қатысуымен жасалатын қылмыстық құқық бұзушылық фактілерін анықтау, олардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында Атырау облысы аумағында 27-29 шілде күндері аралығында “Түнгі қаладағы балалар” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара кезінде атыраулық полицейлер ІІО-ның есебінде тұрған жасөспірімдер мен жайсыз отбасылардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріп, нашақорлықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратуда.

“Түнгі қаладағы балалар” іс-шарасының бір күнінде барлығы 97 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде:

  • кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болу -84;
  • кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау — 10;
  • кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру бойынша -3 дерек анықталып, тиісті іс-шаралар қолданылды.
    Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button